Мәдени тынығу жұмысы мамандығы аясында Шалқар радиосының журналисі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Гүлмира Әділханқызы Нәлібаймен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби көзқарасын кеңейту, мәдениет саласындағы шығармашылық тұлғалармен байланыс орнату және болашақ мамандардың рухани дамуына үлес қосу.

Кездесу барысында Гүлмира Әділханқызы өзінің журналистика саласындағы кәсіби тәжірибесімен, шығармашылық ізденістерімен және кәсіби жолындағы маңызды кезеңдерімен бөлісті. Студенттер қазіргі журналистиканың даму бағыттары, мәдени тақырыптардың БАҚ-тағы орны, журналист этикасы және кәсіби жауапкершілік мәселелері бойынша терең ақпарат алды.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жылы әрі мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік алды.  Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттер мен оқытушылар тарапынан оң бағасын алды.