Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Түркия мен Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарынан келген шетелдік ғалымдармен ресми кездесу өтті.

Кездесуге Түркияның Nevsehir Haci Bektas Veli University, Gazi University, Kirsehir Ahi Evran University, Selcuk University, Akdeniz University, Anadolu University және Қытайдың Zhejiang University жоғары оқу орындарынан келген ғалымдар қатысты. Қатысушылар қатарында: Cicek Erdogan, Tokcan Halil, Osman Kabadayi, Benhur Cagatay, Mariyam Yezieva, Rustam Shadiev, Abdulkadir Erdogan және Сорбонна университеті мен Гарвард университетінің Жоғары білім беру мектебінің түлегі Марион Валентин де болды.

Университет тарапынан Әлеуметтік даму және студенттер ісі жөніндегі проректор Еркын Жуманкулова, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Салтанат Джакубаева, Ғылым департаменті директоры Нұрлан Байгараев және институт директорлары – Гауһар Байташева, Гүлназ Салғараева қатысты.

Кездесу барысында университет оқытушылары мен шетелдік ғалымдар арасында ғылыми тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру, студенттер, магистранттар және докторанттардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Іс-шара соңында делегация мүшелері QyzPU кампусын аралап, оқу корпустарының инфрақұрылымымен танысты. Бұл кездесу ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.