Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде білім мен ғылым саласына елеулі үлес қосқан бірқатар ғалымға ғылыми дәрежелер беріліп, оларды ресми құттықтау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімде педагогика ғылымдарының кандидаты Тұрсынай Байназароваға «50300 – Білім беру» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) дәрежесі, Психология кафедрасының бағдарлама көшбасшысы Гульмира Топановаға «50100 – Психология» ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент), Жаратылыстану институтының директоры  Гаухар Байташеваға «10601 – Көпсалалы ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми дәрежесі, Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Анар Дәлелханқызына «10200 – Физика ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) дәрежесі, сондай-ақ университеттің цифрлық офицері Тимур Картбаевқа «21100 – Компьютерлік ғылымдар және информатика» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми дәрежесі берілді. 

Университет басшылығы ғалымдарды шын жүректен құттықтап, олардың еңбектерін жоғары бағалады. Бұл жетістік – тек әр маманның жеке еңбегінің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге университеттің ғылыми-инновациялық дамуындағы маңызды кезең.

Құттықтаймыз!