Филология институты, Шетел тілін кәсіби даярлау кафедрасы, 6В01705 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы студенттерінің өндірістік педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция өткізді.
Осы жылы өндірістік (педагогикалық) практикадан 3-курс бойынша 24 студент, ал 4-курс бойынша 169 студент өтті. Студенттер тәжірибесін «Ikigai School» ЖШС, «№42 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «№26 жалпы білім беретін мектеп» КММ, ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК, «№81 мектеп-гимназия» КММ, «Baiterek School of Science and Technology» ЖШС және «№90 мамандандырылған мектеп-лицей» сияқты Алматы қаласы мекемелерінде жинады.
Конференция барысында студенттер тәжірибелерімен жан-жақты бөлісіп, жасаған жұмыстарын, алған әсерлерін мазмұнды баяндады. Студенттер өз презентацияларын қорғап, сабақ жоспарлары, әдіс-тәсілдері, жүргізген зерттеулері және практика кезінде кездескен тәжірибелік жағдайлар туралы толық ақпарат ұсынды.
Бұл олардың кәсіби жолындағы маңызды қадам болып қана қоймай, педагогикалық құзыреттілікті дамытуға, практикалық дағдыларды жетілдіруге және болашақтағы мансаптарына сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.
Конференция соңында студенттерге алғыс хаттар табысталып, олардың еңбектері мен жауапкершілігі жоғары бағаланды. Университет ары қарай да студенттердің кәсіби және тұлғалық шыңдалуына, практикалық дағдыларын жетілдіруіне және педагогикалық шеберлігін дамытуына белсенді қолдау көрсетуді жалғастырады. Мұндай іс-шаралар студенттердің болашақ мансабын қалыптастыруда маңызды рөл атқарып, оларды кәсіби ортаға сенімді түрде бейімдеуге мүмкіндік береді.
