2025 жылдың 25 қарашасынан бастап Университеттің Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Информатика кафедрасында Чжэцзян университетінің педагогикалық колледж профессоры Рустам Нарзикулович Шадиев өзінің қонақ дәрістерін өткізуде.
Профессор «Информатика» және «Информатика және робототехника» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттеріне «Жасанды интеллект технологиялары және оларды оқыту процесінде қолдану» тақырыбында дәрістер мен практикалық сабақтар өткізеді. Сонымен қатар, «Информатика» және «Цифрлық педагогика (IP)» магистранттарының, «Информатика» білім беру бағдарламасы докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарына әдістемелік қолдау көрсетеді.
Рустам Шадиевтің дәрістері студенттерге жаһандық білімге қол жеткізуге, практикалық жасанды интеллект дағдыларын дамытуға және болашақ ғылыми мансабына берік негіз қалауға мүмкіндік береді. Бұл дәрістер сондай-ақ студенттерді инновациялық жобаларға, зерттеулерге және халықаралық тәжірибелерге дайындауда маңызды рөл атқарады.
Айта кетейік, дәрістер 24 желтоқсанға дейін жалғасады.
