Филология институты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша үздіксіз өндірістік (педагогикалық) практиканың қорытынды конференциясы ұйымдастырылды. Мақсат – студенттердің базалық және бейіндік пәндер бойынша алған теориялық білімін бекіту және тереңдету, сондай-ақ олардың кәсіби қызметке дайындығын қалыптастыру.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша 4-курс және 3-курс студенттері барлығы 192 адам академиялық күнтізбеге сәйкес 2025 жылдың 22 қыркүйегінен 29 қарашаға дейін практикадан сәтті өтті.  

Студенттер тәжірибесін М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия, №26 жалпы білім беретін мектеп КММ, №176 мектеп-гимназия КММ, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия КММ, №142 және №198 ЖББМ, №143 мектеп-гимназия, Наурызбай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, «Заман» және «Бәйтерек» жеке мектептерінде жинады.

Конференцияға университеттің мансап бөлімінің басшысы Әсел Сәкенқызы, Филология институтының директоры Айгүл Амантайқызы, практика бөлімінің бас маманы Айгүл Алматқызы, мектеп мұғалімдері және профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Қорытынды конференция барысында үздік студенттер панорамалық сабақтар көрсетіп, үздік портфолиолар марапатталды. Іс-шара студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыруға, педагогикалық құзыреттіліктерін дамытуға және болашақ мансаптарына сенімді қадам басуға серпін берді.