3 желтоқсанда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтың төрағалығымен қала жастарының дамуына арналған кеңес өтті. Жиынға қаладағы жетекші жоғары оқу орындарының басшылары мен жауапты құрылымдардың өкілдері қатысты.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті тарапынан кездесуге Әлеуметтік даму және студенттер ісі жөніндегі проректор Еркын Жуманкулова қатысты.
Кеңес барысында университеттер мен әкімдік арасындағы өзара іс-қимылды арттыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және әлеуметтік-мәдени бастамаларды дамыту тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар, қала жастарының дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Университет алдағы уақытта да Алматы қаласы әкімдігімен бірлескен бастамаларды қолдап, жастарының жан-жақты дамуына өз үлесін қоса бермек.
