2025 жылдың 5 желтоқсанында Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Тарих кафедрасының ұйымдастыруымен, әдіскер-ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тотай Тәжіұлы Тұрлығұлдың 95-жылдығына арналған «Ұлт тарихының жанашыры» атты ғылыми семинар өтті.
Іс-шараға еліміздің тәжірибелі әдіскер-ұстаздары, соның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қунапина Қайыркен Құдайбергенқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің доценті Құсайынова Рая Такешқызы, сондай-ақ университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері белсене қатысты.
Семинардың басты мақсаты – педагогика ғылымдарының докторы, академик Тотай Тәжіұлы Тұрлығұлдың өмірі мен ғылыми мұрасын дәріптеу, жас ғалымдар мен студенттерге оның еңбегінің тарихи және ғылыми маңызын таныту, сондай-ақ болашақ тарихшылар мен педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.
Ғылыми семинар барысында студенттер ғалымның ғылыми мұрасымен жан-жақты танысып, білімдерін кеңейтті. Іс-шара әдіскер-ұстаздармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында ғалымның атынан Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты жанында әдіснамалық дәрісхана ашу жөнінде ұсыныстар білдірілді.
