Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Lianyungang Technical College білім беру ұйымы арасында орнатылған академиялық коллаборация аясында аталған колледждің профессор-оқытушылар құрамынан құралған делегация университет студенттеріне дәріс оқыды.

Іс-шара 2+1+1 форматы бойынша жүзеге асатын Қытай тілі + химиялық инженерия халықаралық білім беру бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылды.

Ms. Xu Yan және Ms. Yang Xia «Химия» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Дистилляция процесі және оны жүргізу» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.

Халықаралық деңгейдегі бұл дәріс екі ұйым арасындағы өзара әріптестіктің алғашқы қадамдарының бірі. Алдағы уақытта бұл ынтымақтастықтың нәтижесінде біздің студенттердің Lianyungang Technical College-де білім алып, тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері кеңейеді деп күтілуде. Дәрістер сериясы Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн форматта жалғасып, келесі оқу жылында студенттердің толық академиялық оқуға дайындық кезеңі ретінде ұсынылмақ.

Аталған ынтымақтастық студенттердің академиялық әлеуетін арттырып, халықаралық ортада білім алуға арналған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.