Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Кәсіби тәжірибе және мансап бөлімінің» ұйымдастыруымен бітіруші курс студенттерінің «Үздіксіз өндірістік (педагогикалық)» практикасына арналған қорытынды конференция – «Practice Talks–2025» өтті.

Конференцияға Жаратылыстану, Филология, Физика, математика және цифрлық технологиялар, Педагогика және психология, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институттарының үздік білім алушылары мен білікті оқытушылары қатысты.

Кәсіби практика білім алушылардың таңдаған мамандықтары бойынша теориялық білімді бекітіп, кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша 2 536 бітіруші курс білім алушысы Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарында тәжірибеден өтті. Іс-шара аясында интеллектуалды сайыстар мен қызықты ойындар ұйымдастырылып, «Ең үздік портфолио» иегерлеріне Алғыс хаттар табысталды.

QyzPU болашақ мамандарға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра отырып, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті, кәсіби машығы қалыптасқан түлектерді даярлауды негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастырады.