AMANAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Рухтастар» жастар сыйлығының жылдық қорытынды салтанатты рәсімі өтті. Биыл бесінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі іс-шарада қоғамдық бастамаларға белсенді араласып, ел дамуына үлес қосып жүрген жас көшбасшылар марапатталды.

 Сыйлық иегерлері қатарында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Жастар Рухы» Жастар қанатының бөлімше жетекшісі, 3-курс студенті Сман Аяулым Қанатқызы бар. Ол «Белсенді рухтас» – жыл белсендісі номинациясын иеленді. Марапатты AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек табыстады.

Салтанатты рәсім Астана қаласында өтіп, оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, партия өкілдері, қоғам қайраткерлері және еліміздің әр өңірінен келген белсенді жас көшбасшылар қатысты. Айта кету керек, биыл байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жастардан 500-ден астам өтінім келіп түскен. Жалпы осы жылдар ішінде 100-ге жуық жас азамат «Рухтастар» сыйлығының иегері атанған.

Сонымен қатар биыл «Белсенді рухтас» жыл белсендісі номинациясы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 жас марапатталды. Бұл сыйлық – жастардың тынымсыз еңбегі мен азаматтық ұстанымының жоғары бағалануының дәлелі.