18 желтоқсан күні Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова Филология институтының ұжымымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – институттың стратегиялық даму жоспарлары аясында атқарылып жатқан жұмыстарды бағалау, белгіленген міндеттердің орындалу деңгейін талдау және өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Іс-шара барысында институт директоры Айгүл Сатбекова оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстары бойынша орындалған жұмыстар жөнінде толық таныстырылым жасады. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған басты бағыттар, жоспарлар, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және студенттердің кәсіби қабілеттерін арттыру мәселелері талқыланды.
Бейбіткүл Сәрсемханқызы бірнеше бағыт бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстарын жеткізіп, институт ұжымына тиімді бағыт-бағдар берді. Қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша жұмыстар, профессор-оқытушылардың ішкі, сыртқы академиялық ұтқырлығы, «Қысқы мектеп» бағдарламасы бойынша жұмыстар, шетелдік оқу орындарымен байланыс мәселелері де көтерілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, институттың алдағы даму үдерісін жақсартуға бағытталған маңызды шешімдер қабылданды.
Аталған іс-шара Филология институтының қызметін жүйелі түрде жетілдіруге және білім беру сапасын арттыруға арналған платформаға айналды.
