«Адырна» ұлттық порталының жыл сайынғы дәстүрлі байқауының 2025 жылғы қорытындысы бойынша халықтың дауысымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Үздік жоғары оқу орны» атанды.  

Марапат Астана қаласында өткен «Адырна» порталының 15 жылдық мерейтойында ресми түрде табысталды. 

Ұлттық порталдың мерейтойы құтты болсын! Ұжымға мол табыс, жұмысына сәттілік тілейміз. Ұлттық порталдың негізін қалаушы Арман Әубәкірге алғыс білдіреміз. Үздік жоғары оқу орны деген сенім білдірген отандастарға алғысымыз шексіз!