2025 жылғы 8 желтоқсаннан бастап Қытай Халық Республикасы Ланьчжоу университетінің Жоғары білім беру институтының деканының орынбасары, PhD Луо Янгян Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде арнайы шақырумен дәрістер циклын өткізуде.
Профессор «Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі» және «Информатика» кафедраларының студенттеріне арналған «Машиналық оқытуға кіріспе», сондай-ақ магистранттар мен докторанттарға бағытталған «Заманауи машиналық оқыту алгоритмдері және олардың ғылыми зерттеулерде қолданылуы» атты курстарын жүргізуде.
«Машиналық оқытуға кіріспе» курсы студенттерге цифрлық аналитика және жасанды интеллект саласында практикалық дағдылар қалыптастыруға, сондай-ақ заманауи ақпараттық жүйелерді жобалауда машиналық оқыту алгоритмдерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Ал магистранттар мен докторанттарға арналған «Заманауи машиналық оқыту алгоритмдері және олардың ғылыми зерттеулерде қолданылуы» курсында машиналық оқытудың ғылыми негіздері тереңдетіліп, зерттеу деректерінің сапасын арттыру әдістері қарастырылды. Сабақтар барысында терең нейрондық желілер (TensorFlow/PyTorch), табиғи тілдерді өңдеу (NLP) және модельдерді ғылыми зерттеулерде интерпретациялаудың озық технологиялары талқыланды.
Курс жас ғалымдарды халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялауға, ғылыми зерттеулердің әдіснамалық деңгейін арттыруға және халықаралық басылымдарда жарияланымдар дайындауда машиналық оқытудың заманауи құралдарын қолдануға берік негіз болады.
