Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімованың қатысуымен Ғылыми кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде университеттің академиялық, ғылыми және халықаралық қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Отырыс барысында 2025–2026 оқу жылының I жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындылары талданып, II жартыжылдыққа арналған жоспарлар қарастырылды. Бұл бағытта құрылымдық бөлім басшылары баяндама жасап, алдағы кезеңдегі басым міндеттер айқындалды.
Қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер университеттің білім беру, ғылым және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы стратегиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
