2025 жылғы 15–20 желтоқсан аралығында Түркия Республикасының Ыстамбул қаласында, Йылдыз техникалық университетінің базасында AP26198941 нөмірлі «Сутегі өндірісіндегі композиттер мен нанокомпозиттердің электрокаталитикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында халықаралық іссапар жүзеге асырылды.

Іссапарға Жаратылыстану институты, Химия кафедрасынан жоба жетекшісі Нұрбекова Маржан Абдыжапарқызы және 4 жоба қызметкері қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде атсалысты.

Жобаның негізгі мақсаты – сутегі өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында композиттік және нанокомпозиттік материалдардың электрокаталитикалық қасиеттерін зерттеу, сондай-ақ олардың құрылымдық және физика-химиялық параметрлерін басқару арқылы энергия тиімділігін жоғарылату.

Зерттеу жұмыстары Йылдыз техникалық университетінің «Нанотехнологии и нанохимии» ғылыми-зерттеу зертханасының базасында жүргізілді. Іссапар аясында қатысушылар 72 сағаттық Scientific Intensive Seminar бағдарламасына қатысып, заманауи материалтану, нанохимия және электрокатализ саласындағы озық зерттеу әдістерін меңгерді.

Аталған халықаралық іссапар AP26198941 жобасының ғылыми нәтижелілігін арттыруға, халықаралық ғылыми тәжірибені кеңейтуге, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосты.