2025 жылғы 25 желтоқсан күні Басқарма Төрағасы – Ректор Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы Жастар саясаты орталығының белсенді студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің ұсыныс-пікірлерін тыңдау, олардың бастамаларын қолдау және университеттің даму бағыттары бойынша ашық диалог орнату болды.
Іс-шара барысында оқу үдерісінің сапасын арттыру, студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, ғылым мен инновация салалары, мәдени-рухани және қоғамдық белсенділікті қолдау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар университет өміріне белсене араласып жүрген студент қыздардың еңбегі ерекше атап өтілді.
Кездесу ашық форматта өтті: студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Ректор Бейбіткүл Кәрімова студенттер бастамаларын қолдауға дайын екенін білдіріп, жастармен тығыз байланыс университет дамуының маңызды тетігі екенін атап өтті.
Университет студенттермен кері байланысты нығайту және олардың идеяларын іске асыруға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
