2025 жылдың 29 желтоқсанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанынан құрылған «8D01502-Информатика» және «8D01505-Математика» білім беру бағдарламалары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесте Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының «8D01502-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша ізденуші Базарбаева Айнур Маратовна «Болашақ IT мамандарын практикаға бағыттап даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Аталған диссертациялық жұмыс болашақ IT мамандарын практикаға бағыттап даярлауда жоғары оқу орны мен IT саласындағы жұмыс берушілердің жүйелі өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін цифрлық платформаның әзірленуімен, икемді оқыту әдістері және тұжырымдамалық модель негізінде кешенді түрде негізделіп, тәжірибе жүзінде іске асырылуымен ерекшеленеді.
Докторлық диссертацияның ғылыми кеңесшілері – техника ғылымдарының кандидаты, профессор Салгараева Гульназ Ибрагимовна және шетелдік ғылыми кеңесшісі, Польшадағы Силезия университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Смирнова-Трыбульска Евгения Николаевна.
Айнур Маратовнаны докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтай отырып, ғылыми жолында шығармашылық табыстар тілейміз!
