АЛМАТЫ. 25 ақпан. Баспасөз орталығы – Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы дегеніміз не? Бұл – шетелдік жоғары оқу орындарында студенттер мен магистранттардың кемінде бір академиялық кезеңінде (модуль, семестр) білім алуы.

Аталған бағдарлама бойынша 2012-2020 жылдар аралығында Қыздар университетінде 350 білім алушы оқыды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының маңызы:

- білім алушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдетуге;

- өзге мәдениеттерді танып-білуге;

- түрлі қалалар, мемлекеттер мен континенттерден достар табуға;

- жоғары оқу орнының бәсекелестік қабілетін көтеруге ынталандырады;

- шет тілін игеру деңгейін жақсартуға көмектеседі.

Білім алушыларға қойылатын негізгі талаптар:

- IELTS, TOEFL-дың 5,5 деңгейі және басқа да тілдік деңгейді анықтайтын сертификаттар;

- GPA балл 3,0-тен жоғары;

- белсенді, жан-жақты ізденуші студент.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com