2025 жылдың 30 желтоқсанында Республикалықконкурстық комиссияның отырысында «2025 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері белгілі болды.
Аталған мәртебеге Қазақ ұлттық қыздарпедагогикалық университетінен Педагогика жәнепсихология институтының директоры, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Оразаева Гульжан Сериковна және Физика, математика және цифрлықтехнологиялар институты, Информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Мекебаев Нұрбапа Отанович ие болды.
Айта кетейік, байқауға еліміздің 89 жоғары оқуорнынан 502 үміткер қатысты. Нәтижесінде 37 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы «Жоғары оқуорнының үздік оқытушысы» атанды.
Университетіміздің үздік оқытушыларын айтулыжеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!
