Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Асанова Жанна Бейсентайқызымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында инклюзивті ортаны дамыту, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар азаматтарды қоса алғанда, барлық санаттағы халық үшін қолжетімді әрі тең жағдай қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ инклюзияны дамыту бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту тетіктері сөз болды.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент бастамаларын жүйелі іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары және азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл мен диалогты жалғастырудың маңыздылығы айтылды.
