Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша 4-курс студенті Базарбаева Айкөз Муратовна ТМД елдеріндегі жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін «ТМД Үздік студенті» атты халықаралық конкурстың жеңімпазы атанып, I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Халықаралық «ТМД Үздік студенті» байқауы «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының бірлескен ұйымдастыруымен өтті.

Халықаралық байқауға жастар саясаты, білім, ғылым және мәдениет бағыттары бойынша эссе мен ғылыми жобалар ұсынылды. Аталған байқау аясында студент тарапынан жолданған жастар саясатына арналған эссе мен «Плазма физикасының кинетикалық қасиеттері» тақырыбындағы ғылыми жоба сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.

Сонымен қатар студенттің ғылыми жетекшісі, «Физика» кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Қоштыбаев Талғат Бектасұлы да ғылыми жетекшілік қызметі үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Студентімізді құттықтай отырып, алдағы жобаларына сәттілік тілейміз!