Педагогика және психология институтының Мектепке дейінгі білім беру кафедрасы «Болашақ тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамытуда AI-негізді цифрлық контент» тақырыбында уоркшоп өткізді.
Уоркшоптың негізгі мақсаты – жасанды интеллект (AI) технологияларын білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсету, сондай-ақ болашақ мектепке дейінгі білім беру мамандарының кәсіби дағдыларын дамыту болды.
Қатысушылар уоркшоп барысында мектепке дейінгі білім беру саласында AI құралдарының заманауи мүмкіндіктерімен танысып, цифрлық контентті әзірлеу және оны оқу-тәрбие үдерісіне енгізу тәжірибесін меңгерді. Сондай-ақ болашақ тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы инновациялық тәсілдерді талқылады.
Іс-шара білім беру саласындағы цифрландыру үрдістеріне сай ұйымдастырылып, қатысушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және заманауи педагогикалық технологияларды меңгеруге мүмкіндік берді.
Шараға педагогика мамандығы бойынша білім алатын студенттер, оқытушылар және мектепке дейінгі білім беру саласына қызығушылық танытқан барлық тыңдаушылар қатысты.