Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқытушыларға арналған «Үстел теннисі ойынындағы техника» тақырыбында мастер-класс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – үстел теннисі спорт түрін насихаттау, ойнау дағдыларын арттыру, қатысушылар арасында командалық рухты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Мастер-класқа 23 оқытушы қатысты. Іс-шараны Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, КСРО спорт шебері Кухаренко Алла Брониславовна жүргізді.

Мастер-класс барысында қатысушылар үстел теннисі ойынындағы техникалық әдістермен танысып, ойын дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, іс-шара оқытушыларға әріптестерімен тәжірибе алмасып, командалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.