Мектепке дейінгі білім беру кафедрасы әлемнің Top-700 университеттері қатарына кіретін Дебрецен университетінің өкілі, PhD Nora Veronica Nemeth-тің қатысуымен онлайн форматта қонақ дәріс өткізді.

Дәрістің негізгі мақсаты – инклюзивті білім берудің заманауи тәсілдері мен халықаралық тәжірибесімен таныстыру, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

«Баршаға арналған оқыту – ХХІ ғасырдағы инклюзивті білім беру (теория мен тәжірибе)» тақырыбындағы дәріс барысында инклюзивті білім берудің заманауи тәсілдері, халықаралық озық тәжірибелер, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдаудың тиімді стратегиялары кеңінен талқыланды. Лектор өз елінің және халықаралық білім беру кеңістігіндегі нақты мысалдармен бөлісіп, инклюзивті оқытудың практикалық қырларына ерекше назар аударды.

Қонақ дәріс мазмұндылығы мен тәжірибелік маңыздылығымен ерекшеленіп, қатысушылардың кәсіби қызығушылығын арттырды. Онлайн дәріске студенттер, магистранттар және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен пікір алмасуға ұласты.