21 қаңтар күні «Аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар білім алушылармен жұмыс істеуге педагогтердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Іс-шара білім беру ұйымы жағдайында АСБ бар білім алушыларды оқыту мен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді тиімді ұйымдастыруға қажетті педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталды. Семинар барысында педагогикалық өзара әрекеттестікті құрудың практикалық-бағдарланған тәсілдері, қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыру жолдары және білім алушылардың дара ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін әдістерді іріктеу мәселелері талқыланды.
Семинар спикері – мінез-құлықтық аналитик (IBA жоғары кәсіби деңгей), «ABA Центр Росток» орталығының директоры Ахметова Жанат Бойхановна. Ол «Аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар білім алушылармен жұмыс істеуге педагогтердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады. Баяндаманың мазмұны спикердің кәсіби тәжірибесі негізінде жасақталып, АСБ бар білім алушылармен жұмыс істейтін педагогтердің әдістемелік құралдарын кеңейтуге бағытталды.
Семинар жұмысына оқытушылар мен магистранттар қатысты. Іс-шара инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдау жүйесін жетілдіру және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру тұрғысынан маңызды алаңға айналды. Мұндай ғылыми-әдістемелік кездесулер білім беру ұйымдарында АСБ бар балалармен жұмыс істеудің тиімді тәжірибелерін енгізуге және сапалы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге ықпал етеді.