АЛМАТЫ. 25 ақпан. Баспасөз орталығы – 2009 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Словакия Республикасы Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Словакия тарапы Қазақстан азаматтары үшін 2021-2022 оқу жылына 4 білім беру грантын бөлді:

-  2 «магистратура» бағдарламасы бойынша;

-  2 «докторантура» бағдарламасы бойынша.

Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін, сондай-ақ басқа ақпаратты https://www.minedu.sk/scholarships-offered-within-the-framework-of-bilateral-programs-of-cooperation-for-20212022/ сілтемесі арқылы біле аласыз.

Грант шеңберінде:

- тегін оқыту;

- Словакияның ұлттық заңнамасына сәйкес ай сайынғы стипендия;

- Словакия азаматтарына ұсынылатын шарттар негізінде жатақханада тұру қарастырылған.

Оқу словак немесе ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша мына телефондар бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 76-90-84, 76-93-86, 76-93-85, 76-90-82, 76-90-83.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com