2026 жылғы 17 қаңтар күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Физика кафедрасының ұйымдастыруымен физика және нанотехнология салалары бойынша халықаралық деңгейдегі онлайн-дәріс өтті. 

Іс-шараның негізгі мақсаты — физика және нанотехнология салаларындағы өзекті ғылыми мәселелерді талқылау, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту және жас ғалымдардың зерттеу әлеуетін арттыру болды.

Онлайн-дәрісті нанотехника мен нанотехнология бағытындағы әлемдік деңгейдегі жетекші ғалымдардың бірі, хабилитацияланған техника ғылымдарының докторы, профессор Талант Акимжанович Рыспаев жүргізді.

Іс-шара барысында «Теориялық физиканың заманауи мәселелері және оларды шешу жолдары» және «Металдық және бейметалдық наноматериалдарды алу технологиясы мен техникасы» тақырыптары талқыланды.

Профессор Талант Рыспаев — Батыс Германиядағы «Nanotechnik und Technologie Zots» ғылыми-өндірістік орталығының ғылыми директоры. Ғалымның ғылыми еңбектері физиканың іргелі мәселелерін шешуге және нанотехнология саласында әлемдік деңгейдегі инновациялық технологияларды дамытуға бағытталған.

Шара барысында профессордың ғылыми және технологиялық еңбектері таныстырылды. Сондай-ақ халықаралық бірлескен жобаларды іске асыру және PhD докторанттарына ғылыми жетекшілік ету мүмкіндіктері талқыланып, қатысушылар арасында пікірталас алаңы мен сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды.

Семинарға Физика кафедрасының оқытушылары, Қырғызстан, Өзбекстан елдері университеттерінің ғылыми қызметкерлері, профессор, докторанттары қатысты. Аталған семинар қатысушылардың ғылыми ой-өрісін кеңейтіп, заманауи физика мен нанотехнология салаларындағы жаңа бағыттармен танысуына, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.