Қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған министрлік делегациясы құрамында Ұлыбританияда өтіп жатқан British Educational Training and Technology Show (Bett UK) 2026 халықаралық көрмесіне қатысып жатыр.

Делегация құрамында QyzPU университетінің Басқарма төрағасы – ректор Бейбіткүл Кәрімова бар.

21 қаңтар күні Лондонда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның ұлттық павильоны ресми түрде ашылды. Павильон еліміздің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің даму басымдықтарын халықаралық аудиторияға таныстыруға арналған маңызды алаңға айналды.

Сапар барысында делегация Buckinghamshire New University және Imperial College London университеттерінде болып, Microsoft, Google секілді әлемдік технологиялық корпорациялар өкілдерімен мазмұнды кездесулерге қатысты. Бұл тәжірибе отандық университеттердің цифрлық білім саласындағы дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазақстан делегациясының ауқымды халықаралық көрмеге қатысуы цифрлық білімді дамыту, жасанды интеллектті енгізу және инновациялық шешімдерді ілгерілету жолындағы стратегиялық бағытты айқын көрсетеді.