Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының түлегі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айша Ракишеваның үлкен жетістігін мақтан тұтады.

2026 жылы Айша ресми түрде Италияның Милан – Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.

Айша Ракишева биатлон спорт түрінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғайтын болады.

QyzPU ұжымы өз түлегінің халықаралық аренадағы жетістігіне ерекше мақтаныш білдіреді. Университет Айша Ракишеваның Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетіп, Қазақстанның абыройын асқақтата беруіне тілектес.