2026 жылғы 26 қаңтарда Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологтары – Төлеуғалиева Ақбота Нұрланқызы және Есенаманқызы Назерке – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің №1 жатақханасында тұратын студенттерге арналған «Жаңа семестр – жаңа мүмкіндіктер!» атты психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің тұлғалық дамуына қолдау көрсету, өз-өзіне деген сенімділікті арттыру және жаңа оқу семестрін оң мотивациямен бастауға ықпал ету.
Тренинг барысында студенттердің психологиялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған маңызды тақырыптар қарастырылды. Атап айтқанда, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту, стрессті жеңудің тиімді жолдары, сондай-ақ қарым-қатынас дағдыларын дамыту және өмірлік әрі оқу мақсаттарын қою мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ішкі мотивацияның артқанын, эмоциялық тұрақтылықтың күшейгенін және жаңа семестрді тың күш, жаңа идеялар мен айқын мақсаттармен бастауға дайын екендерін атап өтті. Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» аясында жүзеге асырылуда.