2026 жылғы 27 қаңтарда Менталды денсаулықты дамыту орталығы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен вирустық аурулардың алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-танымдық кездесу өткізді.
Кездесудің спикерлері ретінде Калибекова Алмагүл Бимуратқызы — Алмалы ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы, Көшербаева Дана Берікқызы — аталған бөлімнің бас маманы, сондай-ақ Амирәли Перизат Өмиралиқызы — «Almaty Clinic» медициналық орталығының эпидемиолог дәрігері сөз сөйледі.
Іс-шара барысында спикерлер «Вирустық аурулардың алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, маусымдық жұқпалы аурулардың түрлері, олардың таралу жолдары және тиімді профилактикалық шаралар жөнінде құнды ақпарат ұсынды. Сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану және иммунитетті нығайту салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі факторлары екені ерекше атап өтілді.
Аталған бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының бірі — ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» аясында жүзеге асырылды. Бұл мақсат жастардың денсаулығын нығайтуға және олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.