Жаратылыстану институтында «IQ Wednesday» – «Ақылды сәрсенбі» жобасы аясында профессор  Гауһар Өмірәліқызы Байташева жас мамандар мен докторанттарға арналған «Сабаққа арналған әдістемелік материалдарды жобалау: мақсаттан нәтижеге дейін» тақырыбында әдістемелік семинар-тренинг өткізді.

Семинардың мақсаты – сабақтың мақсатын нақты қою, күтілетін нәтижені айқындау және соған сәйкес әдістемелік материалдарды тиімді жобалау жолдарын көрсету, сондай-ақ бағалау критерийлерінің сабақ мазмұнымен сәйкестігін нақтылау.

Семинар барысында SMART қағидатына сай мақсат қою, күтілетін нәтиже, бағалау критерийлері мен тапсырмалар арасындағы өзара байланыс жан-жақты талданып, тапсырмалардың нәтижеге бағытталуы, белсенді оқыту әдістерін қолдану, бағалау мен кері байланыс ұйымдастырудың тиімді тәсілдері ұсынылды.

Аталған семинар оқытушылар арасында өзара тәжірибе алмасуға, жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға, сондай-ақ сабақ құрылымын нәтижеге бағдарлап жоспарлау дағдыларын жетілдіруге бағытталып, сапалы сабақ ұйымдастыруға оң ықпал етеді.