2026 жыл 28 қаңтар Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологтары — Ақбота Нұрланқызы  Төлеуғалиева, Назерке Есенаманқызы QyzPU №2 жатақханасында тұратын студенттерге арналған «Мақсатқа апарар жол» атты психологиялық тренинг өткізді.

Тренинг барысында мақсат қою және оған жету жолдары, ішкі мотивацияны күшейту, кедергілер мен стрессті еңсеру тәсілдері, қарым-қатынастағы сенімділік пен жеке даму мәселелері кеңінен талқыланды.

Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі — ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» аясында жүзеге асырылуда.