28 қаңтар мен 02 мамыр аралығында ФМЦТ институтынның Математика кафедрадасына АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Мон-Альто қаласында орналасқан Пенсильвания мемлекеттік университетінің (The Pennsylvania State University, Mont Alto) Математика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Fulbright U.S. Scholar халықаралық грантының иегері Ермек Нұрқайдаров келді .

Ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында шақырылған профессор Ермек Нұрқайдаров аталған кезеңде білім алушыларға арналған дәрістер мен ғылыми семинарлар өткізеді. Атап айтқанда:
    • Математика IP, Математика, Математика–физика, Математика–информатика білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға «Model Theory and Mathematical Logic for Future Mathematics Teachers» тақырыбында дәрістер мен семинарлар жүргізеді;
    • Математика, Математика білім беру бағдарламалары бойынша магистранттар мен докторанттарға «Advanced Mathematical Logic, Model Theory, and Research in Mathematics Education» тақырыбында дәрістер мен ғылыми семинарлар өткізеді.

Ұсынылған курстар математикалық логика мен модель теориясына жан-жақты кіріспе жасап, логиканың негізгі ұғымдарын, құрылымдар мен теорияларды, сондай-ақ Компакттылық және Лёвенгейм–Скулем теоремалары сияқты іргелі нәтижелерді қамтиды. Білім алушылар қосалқы құрылымдар, сақталу теоремалары мен әртүрлі модельдік әдістерді меңгеру арқылы математикалық модельдеу мен логикалық пайымдау дағдыларын дамытады.

Аталған курстар білім алушылардың теориялық даярлығын тереңдетуге, математикалық дәлелдеу мәдениетін қалыптастыруға, абстрактілі және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ мектеп математикасын оқытуда заманауи ғылыми тәсілдерді қолдану дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Математика кафедрасы халықаралық тәжірибе алмасу мен ғылыми байланыстарды кеңейтуге айрықша мән береді. Осы орайда профессор Ермек Нұрқайдаровтың келуі білім алушылар мен жас зерттеушілер үшін кәсіби және ғылыми тұрғыдан ерекше маңызды мүмкіндік болып табылады.