Аталған сайлау студенттердің мүддесін қорғай алатын, бастамашыл, жауапкершілігі жоғары және көшбасшылық қабілеті бар студенттерді анықтауға бағытталған. Сайлау үдерісі ашықтық, әділдік және тең мүмкіндік қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылады.
Сайлауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2026 жылғы 29 қаңтарға дейін тіркеуден өтіп, портфолио тапсыруы қажет. Ұсынылған құжаттар негізінде сайлауға қатысушылар іріктеледі.
3–7 ақпан аралығында сайлауалды агитациялық жұмыстар жүргізіліп, үміткерлер өз бағдарламаларын таныстырып, студенттермен кездесулер өткізеді. 8 ақпан – тыныш күн болып белгіленіп, бұл күні агитациялық жұмыстарға рұқсат етілмейді.
Сайлау 2026 жылғы 9 ақпанда университеттің 1 және 2 оқу корпустарында, сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін өтеді. Дауыс беру үдерісі сайлау комиссиясының бақылауымен жүзеге асырылады.
Барлық студенттерді Студенттік Ректорат сайлауына белсенді қатысуға шақырамыз. Әрбір студенттің дауысы маңызды және университеттің болашағын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.