2026 жылғы 26–31 қаңтар аралығында Erasmus+ бағдарламасы аясында Йедитепе университетінің (Түркия) Білім беру факультеті, Curriculum & Instruction кафедрасының докторанттары — Ömür Doğan және Aydil İnal үшін Short Term Doctoral Mobility академиялық мобильдігі сәтті жүзеге асырылды.
Академиялық мобильдік Педагогика және психология институтының, «Білім берудегі теория мен практика» кафедрасының базасында өтті.
Бағдарлама халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми және педагогикалық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жоғары білім беру саласындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға бағытталды.
Іссапар барысында докторанттар кафедраның білім беру және ғылыми-зерттеу қызметімен танысып, профессор-оқытушылар құрамымен академиялық кездесулер мен кәсіби пікірталастарға қатысты, сондай-ақ білім беру саласындағы заманауи тәсілдер бойынша тәжірибе алмасты.
Академиялық мобильдікті ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын Халықаралық ынтымақтастық бөлімі қамтамасыз етті. Мобильдік қорытындысы бойынша докторанттарға Short Term Doctoral Mobility бағдарламасын сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттарды Erasmus+ бағдарламасының координаторы Айдана Нұртаза табыстады.
Бұл академиялық мобильдік Erasmus+ бағдарламасы аясындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға және академиялық мобильдік мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.