2026 жыл 30 қаңтар QyzPU-да Менталды денсаулықты дамыту орталығының ұйымдастыруымен студенттердің менталды денсаулығын нығайтуға арналған ақпараттық-танымдық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында коуч-психолог Мусина Сара Сманқызы студенттерді орталықтың негізгі қызмет бағыттарымен таныстырып, жастар арасында жиі кездесетін менталды және әлеуметтік тәуекелдер жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Спикер қазіргі заманғы өзекті мәселелер – дроппинг, сталкинг және кибербуллинг – және олардың психологиялық салдары, сондай-ақ алдын алу жолдары туралы баяндады.
Аталған бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» аясында жүзеге асырылып, студенттердің психологиялық денсаулығын нығайтуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған.