Кездесудің негізгі мақсаты — студенттерге ғылыми мақала жазудың құрылымы, талаптары мен негізгі қағидалары туралы түсінік беру, сондай-ақ ғылыми жұмыс жүргізудің маңызын жеткізу болды.

Спикер өз тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми зерттеу жүргізу жолдары мен мақаланы дұрыс рәсімдеу бойынша практикалық кеңестер ұсынды.

Іс-шараның спикері — ғылым кандидаты, профессор м. а. Азимбаева Гулбайра Ералиевна. 

Кездесу барысында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, ғылым жолындағы алғашқы қадамдар туралы нақты ақпарат алды. Іс-шара«Зерде» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен  ғылыми қызметке қызығушылық танытатын студенттер үшін  ұйымдастырылды.