2026 жылғы 5 ақпан күні филология ғылымдарының докторы, профессор, 8D02301 – «Филология» білім беру бағдарламасы бойынша Диссертациялық кеңестің төрағасы Ермекова Тыныштық Нұрдәулетқызы докторанттарға арналған «Диссертация жазудағы жаңа өзгерістер мен талаптар» тақырыбында «PhD Talks» өткізді.

Іс-шара докторанттардың академиялық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ диссертациялық зерттеулерді жоспарлау, жазу және рәсімдеу барысында қойылатын өзекті талаптармен таныстыруға бағытталды.

«PhD Talks» аясында диссертациялық жұмысқа қойылатын заманауи талаптар, ғылыми зерттеуді жүйелі жоспарлау және қорғауға дайындықтың негізгі аспектілері талқыланды.