2026 жылғы 5 ақпанда институтымызда қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Поэзия — мәңгілік, Мұқағали — ғұмырлы» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.

Кеш барысында ақынның таңдаулы өлеңдері оқылып, кеңінен танымал әндері орындалды. Студенттер Мұқағали шығармашылығына арналған арнауларын ұсынды және интеллектуалды ойын арқылы ақынның өмірі мен поэзиясына тереңірек үңілді. Ерекше форматта Жасанды интеллект арқылы ақын бейнесімен «сұхбат» ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – жастарға Мұқағали мұрасын жеткізу, поэзия арқылы ұлттық рух пен мәдени құндылықтарды дәріптеу. Әдеби кеш көрермендерге поэзияның мәні мен әсерін жеткізіп, әдебиетке деген қызығушылықты арттырды.