2026 жылғы 5 ақпанда Сералы Қаниев атындағы Ғылыми кітапханада қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырдан жаралған жүрек» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шара барысында ақын шығармаларынан сахналық қойылымдар көрсетіліп, өлеңдері мәнерлеп оқылды. Сондай-ақ, Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кеш аясында поэтикалық монологтар орындалып, көрермендермен сұрақ-жауап және пікір алмасу жүргізілді. Музыкалық нөмірлер кештің көркемдік мазмұнын байытты.
Кеш қонағы, ақынды көзімен көрген қарт ұстаз – Әстерхан Сәрсенбаева апайымыз өз сөзінде Мұқағали Мақатаевпен байланысты әсерлі естеліктерімен бөлісіп, ақынның адами болмысы мен шығармашылық әлемі жайында құнды ойларын жеткізді.
Іс-шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.
Кеш поэзиясүйер қауымды біріктіріп, Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын тереңірек танытуға мүмкіндік берді.