9 ақпанда Филология институтының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай «Поэзия, менімен егіз бе едің?..» атты әдеби-поэзиялық кеш ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – ақынның бай рухани мұрасын насихаттау, оның шығармашылығы арқылы жастардың поэзияға, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рух пен әдеби талғамды қалыптастыру.

Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасына жан-жақты шолу жасалып, ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылды. Сонымен қатар, жырларына жазылған әндер орындалып, поэзия мен әуеннің үйлесімі көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Аталған әдеби-поэзиялық кеш студенттерге поэзияның құдіретін сезіндіріп, рухани байлық пен әдеби таным сыйлаған мазмұнды рухани шара ретінде есте қалды.