Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұжымы мерейлі жасқа толған университет қызметкерлерін құттықтады.

Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова қызметкерлерді арнайы құттықтап, кәсіби қызметтерін адал атқарып, университеттің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін Алғыс білдірді.

Мерейтой иелері қатарында университетте ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып келе жатқан  Күлбаршын Метербаева, Ыбырай Шөпен, Шолпан Нусипбекова, Ерғали Мухиддинов, Бауыржан Қалиев және Гулнар Касымжанова бар.

Университет ұжымы мерейтой иелерін шын жүректен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, шығармашылық шабыт пен кәсіби табыс тілейді. Мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік бола берсін!