«Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Сансызбаева Аида «Erasmus+» бағдарламасы бойынша Францияға 6 айға грант жеңіп алды.
«Erasmus+» бағдарламасы – студенттерді Еуропа елдеріне академиялық тәжірибе алмасу үшін жіберетін беделді халықаралық бағдарлама. Бағдарлама барлық шығындарды, соның ішінде ұшу билеттерін қамтиды және студенттерге ай сайынғы шәкіртақы тағайындайды. Биыл Францияға барлығы 4 грант бөлінген, оның екеуі QyzPU студенттеріне бұйырды.
Грант иегерлері Францияның Перпиньян қаласында оқиды. Бұл қала елдің оңтүстігінде орналасқан, көркем табиғатымен және жайлы климатымен танымал.
Қабылдаушы университет – Виа Домитьа өкілдері студенттермен үнемі байланыста болып, кез келген қиындықтарда қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар береді.
Бағдарламаның басты ерекшеліктерінің бірі – «крестные родители» жүйесі. Мұнда жергілікті ерікті студенттер жаңа ортаға бейімделуге, тұрғылықты жерді табуға және басқа да тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бұл грант – жарқын болашаққа жол ашатын тамаша мүмкіндік.