2026 жылдың 10 ақпанында Филология институты, Шетел тілін кәсіби даярлау кафедрасының ұйымдастыруымен «Lesson Study тәжірибесі – сабақты зерттеу» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырылды.
Семинар мақсаты – бітіруші курс білім алушыларына Lesson Study әдісінің мәні мен кезеңдерімен таныстыру, сабақты талдау және жетілдіру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсету.
Семинарға Lesson Study зерттеу жұмысы бойынша ғылыми жетекшілер, жас мамандар мен бітіруші курс студенттер қатысты.
Семинарды Филология институтының директоры Сатбекова Айгүл Амантайқызы алғысөзбен ашып берді. Модератор – Шетел тілін кәсіби даярлау кафедрасының бағдарлама көшбасшысы Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы. «Lesson Study тәжірибесі – сабақты зерттеу»тақырыбында кафедра аға оқытушысы Джансеркеева Елдана Нурлановна мазмұнды баяндама жасады. Семинар соңында тақырып аясында пікірталас, талқылау жүргізілді.