Филология институтының ұйымдастыруымен халықаралық білім беру саласының маманы, Гарвард университетінде білім алған Шадияр Леспен арнайы мотивациялық кездесу өтті. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді шет тілдерін меңгерудің маңыздылығын түсіндіру, халықаралық білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру және әлемдік деңгейдегі оқу орындарына түсу жолдарымен таныстыру болды.

Спикер өз баяндамасында Қазақстаннан бастап Гарвард университетіне дейінгі білім жолын, шет тілдерін үйренудегі жеке тәжірибесін, академиялық және кәсіби даму мүмкіндіктерін бөлісті. Сонымен қатар, халықаралық ортада білім алудың артықшылықтары мен тәжірибесін студенттерге жеткізді.

Іс-шараға студенттер қатысты. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Бұл кездесу студенттердің білімге деген қызығушылығын арттырып, халықаралық деңгейде білім алуға мотивация мен сенім берді.