Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды. Білім беру интенсивін Қазақстан шахмат федерациясы «Білім берудегі шахмат» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырды.
Оқытуға 30 педагог қатысуда. Олар 11–13 ақпан аралығында шахматты оқытудың жаңа методикаларын меңгеретін болады. Курс бағдарламасы бірінші сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдерге арнайы әзірленген.
Курстың негізгі лекторы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы Туебаева Ляззат Токташевна. Университеттің жетекші сарапшыларының қатысуы дайындықтың жоғары әдістемелік деңгейін және шахматты оқытудағы педагогикалық тәсілдерді терең меңгеруді қамтамасыз етеді.
QyzPU мен Шахмат Федерациясы бірлескен бастама мектеп оқушыларының зияткерлік әлеуетін жүйелі дамытуға және педагог кадрлардың сапалы даярлығын арттыруға бағытталған.