Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университет студенттері шетелдік жоғары оқу орнында білім алуда. Бағдарлама білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, халықаралық тәжірибе жинақтауға және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Қазіргі уақытта Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Кәсіптік білім кафедрасының «6В01402 – Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері — Әділ Аяулым Ержанқызы, Абдиллакова Аяна Серікқызы, Нұрбай Гүлжаз Жеңісбекқызы, Болатжан Маржан Даниярқызы және Кадырова Адель Ахметжановна — Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінде көктемгі семестр бойынша білім алуда.
Академиялық ұтқырлық кезеңінде студенттер кәсіби және шығармашылық құзыреттерін дамытып, заманауи білім беру тәжірибелерімен танысуда. Сонымен қатар, олар көркемдік және жобалау бағыттары бойынша теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, практикалық дағдыларын жетілдіруде.
Халықаралық білім беру тәжірибесі білім алушылардың академиялық әлеуетін арттыруға, халықаралық білім беру кеңістігінде тәжірибе алмасуына және мәдениетаралық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
Аталған бағдарлама университеттің халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жүйелі жұмысының нақты нәтижесі болып табылады. Мұндай бастамалар студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың кәсіби дамуына және жаһандық білім беру кеңістігіне бейімделуіне оң ықпал етеді.