9-13 ақпан аралығында Сералы Қаниев атындағы кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану» және Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты профессорлық-оқытушылар құрамына ғылыми жарияланымды белсендіруге бағытталған практикалық семинар өтті.
12 ақпан 4-модуль бойынша Кітапхана директорының орынбасары Лапо Пётр Михайлович «Библиографиялық менеджерлер: Ғылыми әдебиетті тиімді басқару» тақырыбында презентация мен практикалық сабақ өтті. Қатысушылар ең танымал библиографиялық менеджерлердің (ZOTERO, Mendeley және EndNote) мақсаты мен функционалдық мүмкіндіктерімен танысып, ZOTERO-ны қолдану бойынша практикалық дағдыларға ие болды.
13 ақпан практикалық семинардың 5-модулін Бас кітапханашы Несіпбай Аяулым Ерғалиқызы «Ғылыми жарияланымдарда жасанды интеллектті пайдалану: мүмкіндіктер, шектеулер және этика» тақырыбында жүргізді. Модуль барысында зерттеушілерге арналған заманауи ЖИ-құралдар таныстырылып, ChatGPT, Claude, Gemini, Elicit, Consensus, Scite.ai және Semantic Scholar сияқты платформалардың мүмкіндіктері көрсетілді.
Сонымен қатар модульде халықаралық этикалық стандарттар, COPE және баспагерлердің (Elsevier, Springer Nature) талаптары қарастырылып, деректерді талдау, визуализация және иллюстрацияларды тиімді таңдау үшін ЖИ қолданудың заманауи тәсілдері ұсынылып, қатысушылар практикалық жұмыстар жасады.